22
январь
2025
«Болашақ» әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің алғашқы сабақтары өтті
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебіндегі әдістемелік жұмыс жоспарының аясында «Болашақ» әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің алғашқы сабақтары өтті. Алғашқы сабақты 1 – сынып жетекшісі Б.М.Рахымбаева Ана тілі сабағы «Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар» тақырыбында өтті. Ұйымдастыру кезеңін жағымды психологиялық ахуалмен басталған сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабақ соңында жаңаша форматта талдау жұмыстары жасалынып, тиімді кері байланыстар берілді.