22
январь
2025
1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 21 қаңтар күні 1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мақсаты: оқушыларға кітап әлемі туралы түсінік беріп, кітапхана тарихымен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. Кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна 1-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, қызықты кітаптарды көрсетті.