30
январь
2025
«Жаңашыл инновациялық технологияларды сабақта тиімді қолдана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Жаңашыл инновациялық технологияларды сабақта тиімді қолдана отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында әдістемелік күн өтті.Мақсаты:Инновациялық технологиялар арқылы мектептің әдістемелік жұмысын жандандыра отырып, бәсекеге қабілетті, заманауи сұранысқа ие, теориялық білімі, іс - тәжірибелік дағдысы бар ұстаздардың тәжірибесін таратып, тәжірибе алмасу. Әдістемелік күн жоспарына сай қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.И.Нуркабланова 8"а" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер тарапынан кері байланыс пен ұсыныстар берілді.