01
апрель
2025
"Үздік жас маман - 2025" атты мектепішілік жас мамандар конкурсы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Бүгінгі жас маман - ертеңгі бас маман" атты жас мамандар онкүндігінің жабылуы қарсаңында "Үздік жас маман - 2025" атты мектепішілік жас мамандар конкурсы өтті. Оған мектебіміздің 8 жас маман ұстаздары қатысты. Бас жүлдені бастауыш сынып мұғалімі Исаханова Жансая Бауыржанқызы иеленді. І орынды шағын орталық тәрбиешісі Г.Т.Қыдырбаева, ІІ орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ә.Оралова, ІІІ орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Б.Қ.Иманалиев иеленді. Басқа да жас мамандар әртүрлі номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен мектеп кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарына ие болды.