02
апрель
2025
🌷"Арулар - асыл жандар"🌷 тақырыбында мерекелік концерт
🌷А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 🌷"Арулар - асыл жандар"🌷 тақырыбында мерекелік концерт болды. Оған барлық әйел ұстаздар мен кіші қызметкерлер, аналар және оқушы қыздар шақырылды. Концертті тек ұлдар қауымы ұйымдастырды. Шағын орталықтан бастап, 11-сыныпқа дейінгі ұл балалардан және ер мұғалімдерден ұйымдастырылған концерт аналар мен аруларға жақсы көңіл-күй сыйлады.🌷🌷🌷