02
апрель
2025
«Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің оқушыларына, Қаратал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қалиғазы Рысқазы Хасенғазыұлы және Қаратал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Оразалиев Маулен Қайратұлының қатысуымен «Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.Дәріс барысында, өрт қауіпсіздігі аса назарға алынды және өрт барысында қандай шаралар қолдану керектілігі жайлы нақты айтылды.
Төтенше жағдай кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Сондықтан оған дайын болу – өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгеріп, қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!