02
апрель
2025
12 наурыз күні оқушыларға адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын-алу жөніндегі жұмыс
Жетісу облысы Қаратал ауданы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 2025 жылдың 12 наурыз күні оқушыларға адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын-алу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру үшін қабылданған заңда, адам саудасы түсінігі - адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдаланудың алдын –алу мақсатында «Адам және бала саудасы. Жаһандық мәселе» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары және ата-аналарымен ДТЖЖ орынбасары А.Мансурова, 8 ә-сынып жетекшісі А.Баймуханов және 9-сынып жетекшісі Р.Амирханов оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар ДТІЖ орынбасары А.Мансурова 10-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын өткізді. Ата-аналарға да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бала қауіпсіздігі басты назарда екендігін естен шығармағанымыз жөн.