06
май
2025
Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын!
23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Қазір еліміздің әр өңірінде кітап күні өтіп жатыр. Бұл күн кітап оқу мен әдеби мәдениетті дамытудың маңыздылығын айқындайтын мереке болып табылады. А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде де ұлттық кітап күні аталып өтті. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады: - Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда. Шараның мақсаты: Жас оқырмандарға кітап оқудың пайдасын түсіндіру.