23
декабрь
2024
“Кітапханаға кітап сыйла” акциясы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 18-22 қараша аралығында “Кітапханаға кітап сыйла” акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. Акцияға мектеп директоры, мұғалімдер, оқушылар атсалысты. Үйлерінен кітаптар әкеліп, кітапханаға сыйға тартты, Іс-шараға ата-аналар да қатысып, белсенділік танытты.