Ақпарат » Страница 26 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы"
20
январь
2025
"Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 16 қаңтар күні мектеп кітапханашысы Бердахметова Райхан Сейілхановна 9-сынып оқушыларымен тәрбиелік шара өткізді. Бұл шара жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Тақырыбы: "Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы" деп аталады. Мақсаты: оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылыған қалыптастыру, отансүйгіштік, өз мемлекетіне деген махаббат пен мақтаныш сезімін, өз халқының тарихын тәрбиелеу.
"Қыз намысы - ұлт намысы" қыздар жиналысы
20
январь
2025
"Қыз намысы - ұлт намысы" қыздар жиналысы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 15 қаңтар күні 7-11 сынып қыздарымен "Қыз намысы - ұлт намысы" тақырыбында қыздар жиналысы өтілді. Мақсаты: қоғамдағы қыз балалардың абыройы мен ар-намысын қорғау, оларды құрметтеу және оларды ұлттық құндылықтардың сақтаушысы ретінде тәрбиелеу. Мектеп психологы А.Ж.Конекпаева қыздарға өздерін қалай ұстау керектігін айтып, ұлттық болмысымызға сай болуға шақырды. Жүріс-тұрысы, киімдері туралы сөз болды. Мектеп медбекесі қыздардың гигиенасы, т.б.
Құқық апталығы "Ұшқыр ой" жобасы аясында "Қоғамдағы заң және тәртіп"
14
январь
2025
Құқық апталығы "Ұшқыр ой" жобасы аясында "Қоғамдағы заң және тәртіп"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде құқық апталығы барысында "Ұшқыр ой" жобасы аясында "Қоғамдағы заң және тәртіп"  тақырыбында 1-4 сыныптар арасында зияткерлік ойын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың заң туралы білімдерін кеңейту, оқушы құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу. Ойында әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Оқушылар өзіне берілген тақырып бойынша қорғап шықты, бір-біріне сұрақтар қойып, пікір таластырды.
Құқық апталығының ашылуы "Заң және тәртіп"
10
январь
2025
Құқық апталығының ашылуы "Заң және тәртіп"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде қаңтар айы - "Заң және тәртіп" айы бойынша 9-16 қаңтар аралығында құқық апталығы жоспарланды. Апталықтың ашылуында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова жоспармен таныстырды, тарих пәнінің мұғалімі Б.С.Саркытова құқық туралы баяндама оқыды.
Қысқы демалыс
08
январь
2025
Қысқы демалыс
Оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастырудың тағы бір түрі - ертегі оқу. Жоспарға сәйкес, "Мен оқыған бір ертегі" айдарымен оқушыларға ертегілер оқу ұсынылды. Оқушылар оқыған ертегілерін мазмұндап, кітапханашы Райхан Сейілхановнаға айтып берді. Кейбірі үйлеріне алып оқыды. Ертегі оқу арқылы оқушылар парасаттылыққа, жақсы мінез-құлықтарды бойына сіңірері анық.
Қысқы демалыс
08
январь
2025
Қысқы демалыс
А.С.Пушкин атындағы  МДШО бар орта мектебінде оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна "Үнемі оқитын адам - табысты адам" тақырыбында іс-шара өткізді. 5-7 сынып оқушылары кітап оқып қана қоймай, оқыған кітаптарын әңгімелеп айтып берді.
Бракераж
08
январь
2025
Бракераж
А.С.Пушкин атындағы МДШО орта мектебінде 2024 жылдың 26-желтоқсан күні мектеп асханасында тамақтың дайындалу сапасы мен ішкі тазалықтың сақталуын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі, бракераж комиссиясының мүшелері, ата-аналар тарапынан  комиссия құрамы тексеру жүргізіп , акт толтырды.
Қысқы демалыс
08
январь
2025
Қысқы демалыс
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 5-қаңтар күні оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, жоспар бойынша "Шабыт" жобасы аясында "Қыс мезгілінің ерекшіліктері" тақырыбында оқушылар суреттер салды. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кылханова Назгуль Жакановна оқушыларға қыстың қызықтары туралы әңгіме жүргізіп, өздеріне айтқызып, көргендерін суретке түсіруді тапсырды. Оқушылар қызықты суреттер салды.
Қысқы демалыс
08
январь
2025
Қысқы демалыс
Демалыс кезіндегі оқушылардың бір қызығып ойнайтын спорт түрі - шахмат ойындары. Жоспарға сәйкес, 5-қаңтар күні "Шахмат - ақыл-ойдың қозғаушысы" тақырыбында жарыс өтті. 5,6,7 сыныптардың оқушылары бір-бірімен шахмат, шашки ойнап, демалыстарын қызықты өткізді. Жеңген оқушылар марапатталды.