"Алынбайтын асу жоқ"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің педагог-психолог А.Ж.Конекпаева 19 желтоқсан күні 11- сынып оқушыларымен "Алынбайтын асу жоқ" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Қандай қиындықтар мен кедергілерге қарамастан өз мақсаттарына жетуге ынталандыру, өз күшіне сенуді арттыру және әрқашан оң өзгерістерге ұмтылуды қалыптастыру. Кез келген қиыншылықты жеңіп, кез келген асуды алу арқылы адам өзін жетілдіріп, алға қадам басуы керек.