Ағымдағы жылдың ақпан айында мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағымдағы жылдың ақпан айында мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
28
февраль
2023

Ағымдағы жылдың ақпан айында мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту, оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы қажет екенін ескеру мақсатында өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры  Д.Жумаханұлы бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала беретіні, баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы екенін айта келіп, әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн екенін айтты. Мектеп психологы А.Конекпаева бүгінде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көретінін айта келіп, отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер ететіні, ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артатынын айтты. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Қорыта келе, өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив