Іс-шаралар » Страница 24 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау шаралары бойынша
24
декабрь
2024
Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау шаралары бойынша
2024 жылдың 5 желтоқсан күні педагог- психолог пен әлеуметтік педагогтың бірлесуімен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау шаралары бойынша 7-10 сыныптар  арасында түсіндіру жұмыстары  жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың өмірге көзқарасын арттырып, өзіне деген құрмет сүйіспеншілікті дамыту, өмірдің мәнін ұғынуына ықпал ету.
ҰБТ-ға дайындық
24
декабрь
2024
ҰБТ-ға дайындық
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6- желтоқсан күні педагог-психолог А.Ж.Конекпаева 11- сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық тақырыбында тренинг -жаттығуларын, түсіндіру жұмысын өткізді.
“Ұшқыр ой алаңы”
24
декабрь
2024
“Ұшқыр ой алаңы”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6-желтоқсан күні “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай, 8-10 сынып оқушылары арасында дебат ойыны өткізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова мен педагог-ұйымдастырушы Ж.А.Маханова оқушыларға сұрақтар дайындады. Топтар бір-бірімен пікір сайыстырып, тақырыпты қызу талқылады. Дебат ойынына жақсы қатысқан 10-сынып оқушылары жеңіп шықты.
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу»
23
декабрь
2024
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу» бойынша «Театр - тәрбие бастауы» сахналық қойылымы қойылды. Қойылымға «Қисық жол» тақырыбы таңдалып алынды. Мақсаты: оқушылар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағыттау, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балаларды театр шығармашылығына баулу, оқушылардың актерлік шеберліктерін дамыта отырып,
Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай
23
декабрь
2024
Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде қаламгер, қайраткер, саясаткер, жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай 9-сынып оқушылармен кітап көрмесі өткізілді, бейне ролик көрсетілді. Мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, қаламгері, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру. Оқушыларды ұлтжандыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Отбасылық жас шахматшылар!
23
декабрь
2024
Отбасылық жас шахматшылар!
Отбасылық жас шахматшылар! Мектеп мақтаныштары: А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің 8А сынып оқушысы  Бақыт Мейірім, 6А сынып оқушысы Бақыт Мирас, 3А сынып оқушысы Бақыт Мұстафа облыстық шахмат лигасынан 1-орынды иеленіп, Республикалық лигаға жолдама алды. Мұстафа “Үздік ең жас шахматшы” номинациясы бойынша кубок иегері атанды. Жеңістерің құтты болсын! Әрқашан биіктен көрініп, мектебіміздің атын шығарып, еліміздің туын биікке желбірете беріңдер!
“Chocolate day”
23
декабрь
2024
“Chocolate day”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 02-05.12 күндері мектеп парламент ұйымы мүшелері “Chocolate day” ұйымдастырды. Оқушылар бір-біріне, ұстаздарына тәттілер сыйлап, көңілдерін көтерді.
Bilimclass.kz
23
декабрь
2024
Bilimclass.kz
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ә.Т.Алдабергенов пән мұғалімдеріне  Bilimclass.kz электрондық журналында қалай жұмыс істеуге болатыны және Тop IQ платформасын сабақта пайдалану мүмкіндіктері бойынша мектеп ұжымымен вебинар (таныстырылым)  өткізді.
Видеоролик көрсетілді.
23
декабрь
2024
Видеоролик көрсетілді.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде оқушыларға отбасы құндылығы туралы видеоролик көрсетілді.
“Мейірімділік керуені”
23
декабрь
2024
“Мейірімділік керуені”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде қараша айында “Мейірімділік керуені” атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.  Мақсаты: мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету. Жәрмеңкеге 1-11 сынып оқушылары қатысты. Үйлерінен ата-аналарының көмегімен түрлі тағамдар, тәттілер пісіріп әкеліп, арзан бағада сатты. Жиналған ақшаға 6 оқушыға киімдер алынып, көмек көрсетілді. ​​​​