"Денсаулық - зор байлық"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 7 сәуір - дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай 8 а сынып оқушыларымен "Денсаулық - зор байлық" тақырыбында мектеп медигі Есімжанова Толқын Сәкенқызы мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мансурова Аяш Байжумановна тәрбие сағатын өткізді. Онда оқушыларға денсаулықты сақтаудың жолдары туралы, жаман әдеттерден аулақ болу туралы, туберкулез ауруының белгілері мен сақтану жолдары туралы айтылды. Брошюралар таратылды.