24
декабрь
2024
“Жеткіншектің жеті жарғысы”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында “Ұлттық рух - тәуелсіздік тірегі” тақырыбында кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна мен педагог-ұйымдастырушы Маханова Жулдыз Аскаровна бірлесіп кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгілік есте сақтауға тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.