27
январь
2025
“Болашақ” әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде “Болашақ” әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында 4-сынып жетекшісі Ж.Б.Исаханова математика пәнінен “Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалысы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім берудің жаңа инновациялық технологиялары мен әдіс-тәсілдері қолданылды. Сабақтың әр кезеңі оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Жаңа форматта сабақ талданып, мұғалімдер тарапынан“өте жақсы сабақ” деп бағаланды.