20
февраль
2025
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 11 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, С.Морозов атындағы орта мектеп гимназиясымен бірлесіп, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауданнан ардагерлер шақырылды. Үш мектеп арасында волейболдан турнир өтті. Сонымен қатар, "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында А.С.Пушкин орта мектебінің ұстаздары А.С.Баймуханов пен А.Ж.Конекпаева 8-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, Ауған соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәлімет беру. Ардагерлерге деген құрметке тәрбиелеу.