23
декабрь
2024
«Даналық мектебі»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Даналық мектебі» клубы аясында «Жеңгелер» мектебімен «Қыздар нені білуге тиіс?» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: қыз балаларға жеңгелердің кеңесін тыңдауға, қазақтың ұлттық құндылықтарын бойына сіңіре білуге, қолөнерге баулу. Жеңге деген кім? Жеңгенің отбасындағы рөлі қандай? сияқты сұрақтар қоюмен басталды. 8-сынып қыздарының жеңгелерінен білгісі келетін мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді. Шаш өру, ою, құрақ құрау сияқты қолөнер жасалды.