23
декабрь
2024
Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу» бойынша «Театр - тәрбие бастауы» сахналық қойылымы қойылды. Қойылымға «Қисық жол» тақырыбы таңдалып алынды. Мақсаты: оқушылар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағыттау, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балаларды театр шығармашылығына баулу, оқушылардың актерлік шеберліктерін дамыта отырып, қоғамда тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Қойылымға 7-сынып оқушылары қатысты.