"Лучший аула: дейін, кейін"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Лучший аула: дейін, кейін" тақырыбында бейнеролик түсірілді. Лучший аула – бұл тазалығы, көркемдігі, көгалдандырылуы және ұқыпты күтімімен ерекшеленетін аумақ. 📌Шараның мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, эстетикалық талғамын дамыту, ауласын қоқыстан, шаңнан тазалауға дағдыландыру. 5-сынып оқушысы Алмасқызы Жансая өз ауласын тазалағанға дейін және тазалағаннан кейін видеоға түсіріп, шараға белсене атсалысты.