О нас » Страница 4 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Жаңа кітап - жаңа әлем"
30
декабрь
2024
"Жаңа кітап - жаңа әлем"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар мектеп кітапханасында "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты іш-шара өтілді. Кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна 3,4-сынып оқушыларын жаңа кітаптармен таныстырды. Мақсаты:  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды кітапханаға тарту.
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
30
декабрь
2024
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️ А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 25 желтоқсан күні мектепалды сынып оқушылары мен шағын орталық бүлдіршіндеріне жаңа жылдық шырша өтілді. Балалар өте жақсы дайындықпен келген, киімдері де әдемі болды. Аяз Ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.
МЖМБС
26
декабрь
2024
МЖМБС
2024 жылдың 25 желтоқсан күні А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кезектен тыс бірыңғай педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте "ҚР бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт  жобасына талқылау жүргізілді. МЖМБС-ға енгізілетін өзгерістердің алғы шарттары, әр тарауға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың  негіздемесі түсіндірілді.
"Ұстаз"
26
декабрь
2024
"Ұстаз"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 23 желтоқсан күні мектеп ұстаздары мен ата-аналарына Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген "Ұстаз" фильмі көрсетілді. Фильмде өз ауылына қайтып, ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Фильмнің мақсаты: қоғамдағы педагог мәртебесін өсіру.
“Жетістігімді еліме арнаймын"
24
декабрь
2024
“Жетістігімді еліме арнаймын"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде отбасылық шахматшылар: Бақыт Мейірім (8 А сынып), Бақыт Мирас (6 А сынып), Бақыт Мұстафа (3 А сынып), Бақыт Мағжан (2 А сынып) мектебіміздің атын аудан, облыс көлемінде шығарып жүрген оқушылар. Жақында облыстық шахматтан жеңіп шығып, Республикалық лигаға жолдама алды. Бақыт Мұстафа “Лучший ең жас шахматшы”  номинациясы бойынша кубок иегері атанды. Осы оқушылар “Жетістігімді еліме арнаймын"
Отбасылық жас шахматшылар!
23
декабрь
2024
Отбасылық жас шахматшылар!
Отбасылық жас шахматшылар! Мектеп мақтаныштары: А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің 8А сынып оқушысы  Бақыт Мейірім, 6А сынып оқушысы Бақыт Мирас, 3А сынып оқушысы Бақыт Мұстафа облыстық шахмат лигасынан 1-орынды иеленіп, Республикалық лигаға жолдама алды. Мұстафа “Лучший ең жас шахматшы” номинациясы бойынша кубок иегері атанды. Жеңістерің құтты болсын! Әрқашан биіктен көрініп, мектебіміздің атын шығарып, еліміздің туын биікке желбірете беріңдер!
Назад 1 2 3 4 Вперед