14
January
2025
Құқық апталығы "Ұшқыр ой" жобасы аясында "Қоғамдағы заң және тәртіп"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде құқық апталығы барысында "Ұшқыр ой" жобасы аясында "Қоғамдағы заң және тәртіп" тақырыбында 1-4 сыныптар арасында зияткерлік ойын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың заң туралы білімдерін кеңейту, оқушы құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу. Ойында әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Оқушылар өзіне берілген тақырып бойынша қорғап шықты, бір-біріне сұрақтар қойып, пікір таластырды.