Our achievements » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Құттықтаймыз!!!
18
January
2026
Құттықтаймыз!!!
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебі 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығында оқушыларымызбен, ұстаздар қауымы өз еңбегінің нәтижесін жарқын жетістіктермен дәлелдеді. Бұл — үздіксіз ізденіс пен мақсатқа адалдықтың айғағы.  Bestтерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алда биік белестер мен жаңа жеңістер күтіп тұр!
Құттықтаймыз!!!
18
January
2026
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!! Қаратал аудандық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 12.11.2025ж. күні элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік  мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін тарату мақсатында "Best авторлық бағдарлама" тақырыбында өткізілген аудандық сырттай байқауда А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Айдын Салибаевич Баймуханов жүлделі II орын алды.
Зерде республикалық зерттеу жобалары
10
December
2025
Зерде республикалық зерттеу жобалары
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Зерде республикалық 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсының облыстық кезеңінде А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Салибай Алижан "Туризм және спорт" секциясы бойынша қатысып, жүлделі III орын алды. Жетекшісі география пәнінің мұғалімі А.С.Баймуханов.
« Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңі
10
December
2025
« Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 🥳🥳🥳 9.12. күні Жаңаталап орта мектебінде «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Фестиваль бірнеше бағыттар бойынша өткізілді. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша қатысқан директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.С.Киреева II орын, «Шеберлік палитрасы» бағытында география пәнінің мұғалімі А.С. Баймуханов I орын, «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша бастауыш сынып мұғалімі Г.Т. Қыдырбаева II орын, «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша
Облыстық көпдеңгейлі балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан үздік нәтиже
31
October
2025
Облыстық көпдеңгейлі балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан
Облыстық көпдеңгейлі балалар мен жасөспірімдер арасындағы шахматтан жүлделі I орын алған Бақыт Мирас, Бақыт Мейірім, Бақыт Мұстафаны құттықтаймыз! 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
27
January
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Мектеп оқушыларының арасында Жамбыл Жабаевқа арналған "Жыр алыбы-Жамбыл" атты республикалық жас ақындар айтысының аудандық кезеңі болып өтті. Айтыстың мақсаты- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру болды. А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қалиахмет Махаббат жүлделі 2-орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Нуркабланова Гульбакыт Инкашевна ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ🥳🥳🥳
“Жетістігімді еліме арнаймын"
24
December
2024
“Жетістігімді еліме арнаймын"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде отбасылық шахматшылар: Бақыт Мейірім (8 А сынып), Бақыт Мирас (6 А сынып), Бақыт Мұстафа (3 А сынып), Бақыт Мағжан (2 А сынып) мектебіміздің атын аудан, облыс көлемінде шығарып жүрген оқушылар. Жақында облыстық шахматтан жеңіп шығып, Республикалық лигаға жолдама алды. Бақыт Мұстафа “Best ең жас шахматшы”  номинациясы бойынша кубок иегері атанды. Осы оқушылар “Жетістігімді еліме арнаймын"
Отбасылық жас шахматшылар!
23
December
2024
Отбасылық жас шахматшылар!
Отбасылық жас шахматшылар! Мектеп мақтаныштары: А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің 8А сынып оқушысы  Бақыт Мейірім, 6А сынып оқушысы Бақыт Мирас, 3А сынып оқушысы Бақыт Мұстафа облыстық шахмат лигасынан 1-орынды иеленіп, Республикалық лигаға жолдама алды. Мұстафа “Best ең жас шахматшы” номинациясы бойынша кубок иегері атанды. Жеңістерің құтты болсын! Әрқашан биіктен көрініп, мектебіміздің атын шығарып, еліміздің туын биікке желбірете беріңдер!