03
февраль
2025
«Болашақ» әдістемелік бірлестігінің кезекті ашық сабақтары өтті.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде әдістемелік жұмыс жоспарының аясында «Болашақ» әдістемелік бірлестігінің кезекті ашық сабақтары өтті. Мектеп алды сынып жетекшісі З.Н.Дюсекенова «Сандар әлеміне саяхат» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ қызықты, танымдық деңгейі оқушыларға пайдалы, өте жоғары деңгейде өтті. Ойын түрлерін өте тартымды етіп ойната білді. Сабаққа қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері сабақты "бас бармақ" әдісімен бағалап, кері байланыс берді.