01
April
2025
"Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 5 наурыз күні 9 сынып оқушыларының қатысуымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі, библиографиялық сабақ өтілді.
Мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту. Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де бағыт берген биік тұлға. Ақынның адамгершілік мұраттары тек өлеңдерінде ғана емес қара сөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай өзінің оқушысы мен тыңдаушыларымен әңгімелеседі.