06
May
2025
"Кітап сарқылмас рухани қазына"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Балалар кітапханасы жобасы" аясында "Кітап сарқылмас рухани қазына" тақырыбында әдеби кеш болды. Кешке 5-8 сынып оқушылары қамтылды. Сонымен қатар кешке қонақ ретінде мектеп директоры Г.М.Оспанжанова, кітапханашы, Р.С.Бердахметова және болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ж.Конекпаева шақырылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген құрметті арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу. Әдеби кеште оқушылар М.Мақатаевтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, І.Жансүгіровтың, Д.Әбілевтің т.б. ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты. Қонақтарға сұрақтар қойды, өздеріне берілген сұрақтарға жауап берді.