Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына! » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!
06
May
2025

Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

💡Ата-аналар мен сынып жетекшілер назарына!

🔰 "Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің А.С.Пушкин атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта  мектеп әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9, 11 сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады!

🔰 Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру; Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.

🔰 Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.

🔰 Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады. Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу әрбір оқушы үшін міндет.

⚠️ Ескерту:

Аталған талаптар 4,9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Соңғы қоңырау шәкірттің үлкен өмірге қадам басу алдындағы маңызды рухани сәт, сондықтан оның мазмұнды әрі тәртіпті өтуі бәрімізге ортақ жауапкершілік!

⚜️ Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.
Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.

🔰 Кез келген сұрақтарыңыз туындаса, сіздермен ашық диалог орнатуға дайынбыз!

Құрметпен, мектеп директоры Оспанжанова Гульмира Мырзахметовна
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив