23
December
2024
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 29-қараша күні 4-сынып оқушыларымен қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Б.Майлиннің кім екенін, оның шығармаларын таныстыру, ұлы тұлғаны ұмытпауға тәрбиелеу. Оқушылар Б.Майлиннің өмірбаянымен танысты, өлеңдерін жатқа айтты. Сынып жетекшісі Ж.Б.Исаханова жазушының шығармаларымен таныстырды.