Activity » Страница 19 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Құқық апталығының жабылуы
22
January
2025
Құқық апталығының жабылуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде құқық апталығының жабылуы болып, апталыққа белсене атсалысқан 5, 6, 7, 8ә, 10 сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды.
"Болашақ" бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі
22
January
2025
"Болашақ" бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 20.01 - 31.01 күндері аралығында "Болашақ" бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі өтеді. Онкүндік аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар, танымдық ойындар, шебер сыныптар мен коучингтер өтеді. Онкүндіктің қызықты да, нәтижелі өтуіне бірлесе ат салысайық. Келіңіздер, көріңіздер, тамаша сабақтардың куәсі болыңыздар.
"Заң және тәртіп" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты
22
January
2025
"Заң және тәртіп" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 қаңтар күні 1-11 сыныптарда "Заң және тәртіп" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды тәртіпке шақыру, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг, лудоманияның алдын алу. Тәрбие сағаты барлық сыныптарда жақсы өтілді, оқушыларға видеороликтер көрсетіліп, топтық жұмыстар жасатты, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, слайдтар көрсетілді.
ҚР Мемлекттік рәміздерін насихаттау
22
January
2025
ҚР Мемлекттік рәміздерін насихаттау
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 қаңтар күні ҚР Мемлекттік рәміздерін насихаттау жоспарына сәйкес 1-сынып оқушыларына "Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?" тақырыбында мектептегі рәміздерге экскурсия жасалды. Экскурсия барысында  сынып жетекшісі Рахымбаева Бакыт Мусатаевна оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы түсінік берді.
«Құқықтық білімнің маңызы зор» тақырыбымен қабырға газеттері
21
January
2025
«Құқықтық білімнің маңызы зор» тақырыбымен қабырға газеттері
Құқық апталығының жоспарына сәйкес 5-10 сынып оқушыларына «Құқықтық білімнің маңызы зор» тақырыбымен қабырға газеттерін шығару тапсырылған болатын. Оқушылар өздері газет шығара отырып, құқық туралы білімдері кеңейе түседі және ойларында көп мәліметтер қалады, сонымен қатар, ілініп тұрған қабырға газеттерін күнде көріп жүрген оқушылардың көз алдында жатталып қалары сөзсіз
"Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс
21
January
2025
"Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 қаңтар күні 7-11 сынып оқушыларына "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы полиция капитаны Хасенов Эйнар Тасыбекович қатысты. Schoolchildren  нашақорлықтың алдын алу шаралары айтылып, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Мектеп әкімшілігі тарапынан жалпы тәртіп ережелері түсіндірілді.
"KINO TIME"
21
January
2025
"KINO TIME"
16 қаңтар күні түстен кейін оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында мектептің АКТ залында 7-11 сынып оқушыларына фильм көрсетілді. "KINO TIME" ұйымдастыруды мектеп парламент мүшелері әдетке айналдыруды жөн көрді. Оқушылардың бос уақытын осылай қызықты ұйымдастыру - жақсы бастама деп ойлаймыз.
"Мен оқыған бір ертегі"
21
January
2025
"Мен оқыған бір ертегі"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына "Мен оқыған бір ертегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар өздері оқыған ертегілерін мазмұндап айтып, кейбіреуі қойылым қойды. Осындай тәрбие сағаттары оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.
Заң және тәртіп құндылығы" тақырыбында сынып сағаттары
21
January
2025
Заң және тәртіп құндылығы" тақырыбында сынып сағаттары
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде құқық апталығының жоспарына сәйкес, "Заң және тәртіп құндылығы" тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: құқықтық тәртіп ұғымдарын түсіндіру, жауапкершіліктің, әділдіктің, адалдықтың, қоғамдағы құрметтің маңыздылығын талқылау.
"Заң және тәртіп"
21
January
2025
"Заң және тәртіп"
Қаңтар айы "Заң және тәртіп" құндылығына негізделген. Біртұтас тәрбие жоспары бойынша А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде Құқық апталығының жоспарына сай "Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында интелектуалды зияткерлік ойыны, яғни сыныптан тыс іс- шара өткізілді.  Іс- шараның мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; 2. Заңға бағынудың және тәртіптіліктің маңыздылығын түсіндіру; 3. Шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Іс-шараға оқушылар