03
февраль
2025
«Күншуақ» семинар
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің «Күншуақ» шағын орталығында «Отбасы мен шағын орталық ынтымақтастығы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар барысының мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-аналармен жұмыстарды күшейту, белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Тәрбие мен оқу үрдісіндегі ата-әжелер, әке-ананың қатысуымен өткізілген іс-шарада бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, шағын орталық, ата-ана ұштаған жұмыс серпін алды.