05
март
2025
"Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кітапханашы Р.С.Бердахметова "Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев" тақырыбында мәнерлеп оқу сабағын өткізді. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. Оқушыларды слайд көрсету арқылы М.Мақатаевтың өмір жолымен таныстырды. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтты.