05
март
2025
"Әке деген бала үшін - Ұлы тұлға" әкелер жиналысы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 ақпан күні "Әке деген бала үшін - Ұлы тұлға" тақырыбымен әкелер жиналысы өтілді. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе - қазіргі заманғы тәрбиенің өзекті мәселелері. Әкелер өзін таныстырудан бастады, педагог-психолог А.Ж.Конекпаева тренинг жүргізді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова әкелерге қазіргі заманғы тәрбиенің өзекті мәселелері жайында слайдпен таныстырды, видеороликтер көрсетті. Үш топқа бөлініп, жағдаяттан ұстаз, ата-ана оқушы болып қалай шығатын айтты. Әкелерге бала тәрбиесі туралы кеңестер берілді.