01
апрель
2025
"Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде әдістемелік жұмыстың жоспарына сай «Тарих пен тіл- ұлттың мұрасы. Гуманитарлық пәндерде цифрлық әдістер мен компьютерлік технологияларды тиімді қолдану." тақырыбындағы "Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Мектептің акт залында өткен шарада оқушылар әртүрлі гуманитарлық пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Қызықты ойындар ойнатылды. Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушыларға әртүрлі тәтті сыйлықтар берілді. Онкүндіктің өтілуі туралы жоспармен бірлестік жетекшісі Б.С.Саркытова таныстырды.