03
апрель
2025
7-сынып оқушысы Базартаева Жанерке демалыс кезінде Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" романын оқығанын бөлісті.
А С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің 7-сынып оқушысы Базартаева Жанерке демалыс кезінде Міржақып Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" романын оқығанын бөлісті. Романның идеясын түсінгенін, яғни қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі мен ежелгі дәстүрдің әділетсіздігі туралы, еркіндік пен махаббаттың маңыздылығын дәріптеу екендігін айтып берді. Демалысын бос өткізбей, кітап оқуға арнаған Жанеркенің әрекеті барлық оқушыларға үлгі боларлық.