03
апрель
2025
1 сәуір — Халықаралық құстар күні
Жетісу облысы Қаратал ауданы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай АӘД пәнінің мұғалімі Р.А.Амирхановтың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары құстарға арналған ұялар жасап ілді. Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған. Құстарға ұя жасау балаларға табиғатқа қамқорлық жасау, қоршаған ортаны қорғау және табиғаттың құндылығын түсіну туралы маңызды сабақ береді. Бұл іс-шара экологиялық жауапкершілікті ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі. Құстардың тіршілігіне қажетті шарттарды жасау олардың өмірін жеңілдетеді. Ұялар оларды жауларынан қорғауға, суықтан сақтауға және жайлы жағдайда көбеюге мүмкіндік береді. Құстарға ұя жасау — табиғатқа деген махаббат пен қамқорлықты көрсету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолы. Мұндай іс-шаралар экологияны сақтап, жан-жануарлар дүниесін қорғауға үлкен үлес қосады.