10
апрель
2025
"Мектептердегі жасөспірім қылмысы" тақырыбында дөңгелек үстел
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 9 сәуір күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова 10-сынып оқушыларымен "Мектептердегі жасөспірім қылмысы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға Ата заңның баптары таныстырылып, құқық бұзушылық туралы түсініктер берілді. Өздерін қазір қалай елестететіндерін сурет арқылы салып көрсету тапсырылды. Оқушыларға жағдаяттар беріліп, олардан шығу жолдарын айтты, дұрыс жауабы талқыланды.