10
апрель
2025
«Жасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, баланың терезеден құлап кетпеуінің алдына алу және бала өміріндегі ата-аналардың рөлі»
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 2025 жылдың 8-сәуір күні кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Э.Т.Хасеновтың қатысуымен «Жасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, баланың терезеден құлап кетпеуінің алдына алу және бала өміріндегі ата-аналардың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: бала құқықтарын қорғау мәселелерін түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігі мен рөлін арттыру, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, олардың психологиялық жай-күйі мен дамуына ата-аналардың қалай қолдау көрсететінін түсіндіру. Ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Э.Т.Хасенов ата-аналарға бала тәрбиесіндегі негізгі рөлі мен жауапкершілігін, ата-аналар мен балалар арасындағы ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, баланың интернетте және әлеуметтік желілерде кездесетін қауіп-қатерлерден қалай қорғану, жасөспірімдердің киберқұқық бұзушылықтардан сақтануы, ата-аналарға балаларының тәртібін бақылау, оларды дұрыс бағыттау, үйдегі тәртіп пен моральдық нормаларды сақтау туралы кеңестер беріп түсіндірме жұмысын жүргізді. ДТЖЖО А.Б.Мансурова ата-аналарға қауіпсіз терезе және судағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмысын презентация арқылы түсіндіріп, "Қауіпсіз терезе және судағы қауіпсіздік" тақырыбында жадынамалар таратты.