Ақпарат » Страница 32 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Даналық мектебі"
23
декабрь
2024
"Даналық мектебі"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебі" клубы аясында "Әкелер" мектебі бойынша тәрбиелік шара өткізілді. Тақырыбы: Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Мақсаты: оқушыларды жеті атасын білуге шақыру,  әкелерді құрметтеуге тәрбиелеу. Әкеден бата сұраудан басталған тәрбие сағаты оқушылардан жеті атасын сұраумен жалғасты, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашты, ұлттық ойындар ойналды.
“Даналық мектебі”
23
декабрь
2024
“Даналық мектебі”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының “Даналық мектебі” клубы аясында “Әжелер” мектебімен тәрбиелік шара өткізілді. Әжелер оқушыларға кеңестер айтты, ұлттық құндылықтардан көрме ұйымдастырылды, оюлардан текемет жасады. Әжелер халық әнін айтып, оқушылар би билеп, аналарға арналған ән шырқады.
Асхана тазалығы
23
декабрь
2024
Асхана тазалығы
А.С.Пушкин атындағы МДШО орта мектебінде 2024 жылдың  26-қараша күні мектеп асханасында тамақтың дайындалу сапасы мен  ішкі тазалықтың сақталуын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі, бракераж комиссиясының мүшелері, ата-аналар тарапынан  комиссия құрамы тексеру жүргізіп , акт толтырды.
“Электронды темекілердің зияны”
23
декабрь
2024
“Электронды темекілердің зияны”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 22-қараша күні 7-9-сынып оқушыларына “Электронды темекілердің зияны” тақырыбында презентация көрсетілді. Оқушыларға электронды темекінің, жалпы темекінің зияны туралы айтылып, одан аулақ болуға шақырды. Оқушылар өздерінің темекіге қарсы екендерін сурет салу арқылы көрсетті.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығуы
23
декабрь
2024
Әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО орта мектепте 22 қараша күні мектеп психологы А.Конекпаева мен әлеуметтік педагог Н.Кылханова бірлесіп 6-сынып оқушыларымен әлеуметтік-психологиялық тренингтік жаттығуын өткізді. Мақсаты: Сынып ұжымын біріктіру, әр балаға психологиялық жайлылық атмосфера құру, балалардың ынтымақтастыққа деген көңіл-күйін қалыптастыру арқылы балалардың мектепке және мектептегі оқуға әлеуметтік бейімделуін жақсарту.
“Нашақорлықтың алдын алу”
23
декабрь
2024
“Нашақорлықтың алдын алу”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде “Нашақорлықтың алдын алу” бойынша 7-11 сынып оқушыларына видеоролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
“Кітапханаға кітап сыйла” акциясы
23
декабрь
2024
“Кітапханаға кітап сыйла” акциясы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 18-22 қараша аралығында “Кітапханаға кітап сыйла” акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана, оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту. Акцияға мектеп директоры, мұғалімдер, оқушылар атсалысты. Үйлерінен кітаптар әкеліп, кітапханаға сыйға тартты, Іс-шараға ата-аналар да қатысып, белсенділік танытты.
“Асық ату”
23
декабрь
2024
“Асық ату”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 2024 жылдың 18 қарашасында үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру бойынша 4-сынып оқушылармен “Асық ату” ойыны ойнатылды.
“Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы”
23
декабрь
2024
“Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы”
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 2024 жылдың 20 қарашасында мектеп кітапханашысы Бердахметова Р.С. 8 “А” сынып оқушылармен “Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы” тақырыбында тәрбие сағатын өтті.  Мақсаты: Бейімбет Майлиннің өміріне толық шолу жасау,оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,бойындағы асыл қасиеттерді бағалап,әдеби мақтанышымызды құрметтеуге тәрбиелеу.