"Мақал-мәтелдер сайысы"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кітапханашы Р.С.Бердахметова 4-сынып оқушыларымен "Мақал-мәтелдер сайысын" өткізді. Мақсаты: оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. Сайыста "Мақалды жалғастыр" ойыны ойналды. Оқушылардан өздері білетін мақал-мәтелдерін айтып жарысты. Жеңімпаз топтар марапатталды.