Информация » Страница 17 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Тарих пен тіл -ұлттың мұрасы" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен "Жәрмеңке саудасының дамуы"
02
апрель
2025
"Тарих пен тіл -ұлттың мұрасы" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Тарих пен тіл -ұлттың мұрасы" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен "Жәрмеңке саудасының дамуы" тақырыбында пән мұғалімі Саркытова Бакытгуль Сериковна ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау. Сабақта "Үкі" әдісі, Bilimlаnd білім беру платформасы, LeаrningApps, Plikers, Padlet платформалары қолданылды. Оқушылар тапсырмаларды
6 наурыз күні "Рақмет, Ана!"
02
апрель
2025
6 наурыз күні "Рақмет, Ана!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6 наурыз күні "Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың аналарын мерекесімен құттықтап, шын жүректен алғыстарын білдіруге және олардың жасаған жақсылықтарына рақмет айтуға үйрету.
"Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды
02
апрель
2025
"Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6 наурыз күні "Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың аналарын мерекесімен құттықтап, шын жүректен алғыстарын білдіруге және олардың жасаған жақсылықтарына рақмет айтуға үйрету.
гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Орынбаева 8 А сыныбында "Белое чудо природы"
02
апрель
2025
гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында орыс тілі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Орынбаева 8 А сыныбында "Белое чудо природы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Онкүндіктің мақсатына сәйкес әртүрлі жаңашыл әдіс тәсілдер қолданылған сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Интерактивті тақтамен жасалған тапсырмалар өте қызықты болды. Сабақ соңында қатысқан мұғалімдер тарапынан кері байланыс Padlet тақтасы арқылы берілді.
"Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
01
апрель
2025
"Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде әдістемелік жұмыстың жоспарына сай «Тарих пен тіл- ұлттың мұрасы.  Гуманитарлық пәндерде цифрлық әдістер мен компьютерлік технологияларды тиімді қолдану." тақырыбындағы "Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Мектептің акт залында өткен шарада оқушылар әртүрлі гуманитарлық пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Қызықты ойындар ойнатылды. Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушыларға әртүрлі тәтті сыйлықтар берілді.
"Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі
01
апрель
2025
"Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 5 наурыз күні 9 сынып оқушыларының қатысуымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі, библиографиялық сабақ өтілді. Мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту. Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де бағыт берген
"Өзіңді мамандықтар әлемінде тап"
01
апрель
2025
"Өзіңді мамандықтар әлемінде тап"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 4 Наурыз күні "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында "Өзіңді мамандықтар әлемінде тап" тақырыбында 9-10 сынып оқушыларынан сұхбат алынды. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптар алды, мамандықтар әлемінде өз ойларымен бөлісті.
Мектеп медбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы оқушыларға туберкулёз ауруы, оның алдын алу жолдары
01
апрель
2025
Мектеп медбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы оқушыларға туберкулёз
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 4 наурыз күні мектеп медбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы оқушыларға туберкулёз ауруы, оның алдын алу жолдары, қышыма ауруынан қалай сақтану керектігі, семіздікті болдырмау үшін не істеу керегі, дұрыс тамақтану жолдары, тәтті сусындардың зияны туралы көптеген мәліметтермен бөлісті. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«мамандық тандау»
01
апрель
2025
«мамандық тандау»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына аудан әкімінің орынбасары Оңғаров Айбек Нұрғазыұлының қатысуымен «мамандық тандау» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.Мамандық - бүкіл өміріңе әсер ететін шешім. Сондықтан оны жүрек қалауымен, бірақ ақылмен таңдау маңызды.
"Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды" тақырыбында сынып сағаттары
01
апрель
2025
"Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды" тақырыбында сынып сағаттары
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 3 наурыз күні 8-наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды" тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: оқушыларға ананың құдіретін білуге, аналарын құрметтеуге, ұстаз-ананы сыйлауға тәрбиелеу.