Информация » Страница 21 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Мақал-мәтелдер сайысы"
05
март
2025
"Мақал-мәтелдер сайысы"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кітапханашы Р.С.Бердахметова 4-сынып оқушыларымен "Мақал-мәтелдер сайысын" өткізді. Мақсаты: оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. Сайыста "Мақалды жалғастыр" ойыны ойналды. Оқушылардан өздері білетін мақал-мәтелдерін айтып жарысты. Жеңімпаз топтар марапатталды.
"Рәміздерді жырлаймыз!"
05
март
2025
"Рәміздерді жырлаймыз!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ҚР Государственные символыін насихаттау жоспарына сәйкес 13 ақпан күні "Рәміздерді жырлаймыз!" тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова мен кітапханашы Р.С.Бердахметова бірлесіп, әдеби кеш өткізді. Оқушылар ту, елтаңба, әнұран туралы тақпақтарды жатқа айтты.
"Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым" сынып сағаттары
05
март
2025
"Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым" сынып сағаттары
Ақпан айының екінші аптасында біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша "Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым" тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ардагерлерге деген құрметке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Өрт қауіпсіздігі сынып сағаттары
05
март
2025
Өрт қауіпсіздігі сынып сағаттары
14 ақпан күні өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, барлық сыныптарға сынып сағаттары өтілді. Үйдегі электр құралдарымен жұмыс жасауда абай болу, телефонды зарядтайтын құрылғыға қосып қарамау, сіріңкемен ойнамау, жоғары сынып оқушыларына үйде от жақпау сияқты алдын алу шаралары түсіндірілді.
«Қазақстан халқы Асамблеясына 30 жыл»
20
февраль
2025
«Қазақстан халқы Асамблеясына 30 жыл»
12.02.2025 жылы Жетісу облысы Қаратал ауданы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің окушылары «Қазақстан халқы Асамблеясына 30 жыл» толуына орай Жетісу облысы Қаратал ауданы «Аналар кеңесінің, төрайымы» Досмолданова Ұлболсын Тойлыбайқызы және Үштебе қаласы «Аналар кеңесінің төрайымы» Кикбаева Гулнар Қожабековнамен кездесті. Кездесу барысында келген қонақтар оқушыларға Қазақстан халкы Ассамблеясы жайында мағлұматтар айтып, алдағы уақыттағы жоспарлары жайында қысқаша таныстыру өткізді.
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өтті.
20
февраль
2025
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өтті.
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өтті. Кітап мәртебесін көтеру мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға әр сыныптан оқушылар кітаптар сыйға тартты. Сыйға тартылған кітаптар оқу залындағы арнайы кітап бұрышына орналастырылды.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуы
20
февраль
2025
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 11 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, С.Морозов атындағы орта мектеп гимназиясымен бірлесіп, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауданнан ардагерлер шақырылды. Үш мектеп арасында волейболдан турнир өтті. Сонымен қатар, "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында А.С.Пушкин орта мектебінің ұстаздары А.С.Баймуханов пен А.Ж.Конекпаева 8-сынып оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың
“Жас маман-ертеңгі бас маман” атты онкүндігі аясында  4-сынып жетекшісі Ж.Б.Исаханова әдебиеттік оқу пәнінен “Жылға жақсы тілек” тақырыбында ашық сабақ
20
февраль
2025
“Жас маман-ертеңгі бас маман” атты онкүндігі аясында 4-сынып
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде “Жас маман-ертеңгі бас маман” атты онкүндігі аясында  4-сынып жетекшісі Ж.Б.Исаханова әдебиеттік оқу пәнінен “Жылға жақсы тілек” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жағымды ахуал қалыптастырып алғаннан кейін, білім берудің жаңа инновациялық технологиялары мен әдіс-тәсілдері бойынша сабақ өз жалғасын тапты. Сабақтың әр кезеңі оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Жағымды ахуал қалыптастырып алғаннан кейін, білім берудің жаңа инновациялық
"Лучший оқушыларды марапаттау" жиыны.
11
февраль
2025
"Лучший оқушыларды марапаттау" жиыны.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 10.02 күні аудандық олимпиадалардан, оқулардан орын алған "Лучший оқушыларды марапаттау" жиыны өтті.
"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" бойынша 7-10 сынып оқушылары арасында «Қоғамдағы діннің орны» тақырыбында эссе сайысы болды.
11
февраль
2025
"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" бойынша 7-10 сынып
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" бойынша 7-10 сынып оқушылары арасында «Қоғамдағы діннің орны» тақырыбында эссе сайысы болды. Оқушылар эссеге өздерінің дін туралы түсініктерін, қоғамдағы көріп, білгендерін, естігендерін түсірді. Кейбір оқушылардікі өте жақсы жазылған, кейбіреуі интернеттен алған мәлеметтерді ғана пайдаланған. Қателері түзетіліп, жақсы жазған оқушылар марапатталды.