Материалы за Декабрь 2024 года » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за Декабрь 2024 года
Мектепшілік ата-аналар жиналысы
30
December
2024
Мектепшілік ата-аналар жиналысы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 27 желтоқсан күні мектепшілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде:  1.Оқушылардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігі; 2.Демалыстағы іс-шараларға оқушыларды тарту;  3. 28.12 - 08.01 аралығында өз ұл-қыздарының денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне тікелей жауаптымын деп ата-аналардан қолхат алу. Осы мәселелер бойынша мектеп директоры Г.М.Оспанжанова және мектеп инспекторы полиция капитаны Э.Т.Хасенов түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сынып
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
30
December
2024
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️ А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 25  желтоқсан күні 1-8 сынып аралағында жаңа жылдық шырша мерекесі өтілді. Балалар өте жақсы дайындықпен келген, киімдері де әдемі болды. Аяз Ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.
"Жаңа кітап - жаңа әлем"
30
December
2024
"Жаңа кітап - жаңа әлем"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар мектеп кітапханасында "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты іш-шара өтілді. Кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна 3,4-сынып оқушыларын жаңа кітаптармен таныстырды. Мақсаты:  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды кітапханаға тарту.
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
30
December
2024
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️ А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 25 желтоқсан күні мектепалды сынып оқушылары мен шағын орталық бүлдіршіндеріне жаңа жылдық шырша өтілді. Балалар өте жақсы дайындықпен келген, киімдері де әдемі болды. Аяз Ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.
МЖМБС
26
December
2024
МЖМБС
2024 жылдың 25 желтоқсан күні А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кезектен тыс бірыңғай педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте "ҚР бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт  жобасына талқылау жүргізілді. МЖМБС-ға енгізілетін өзгерістердің алғы шарттары, әр тарауға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың  негіздемесі түсіндірілді.
"Ұстаз"
26
December
2024
"Ұстаз"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 23 желтоқсан күні мектеп ұстаздары мен ата-аналарына Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген "Ұстаз" фильмі көрсетілді. Фильмде өз ауылына қайтып, ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Фильмнің мақсаты: қоғамдағы педагог мәртебесін өсіру.
"Рахмет саған, әліппе"
26
December
2024
"Рахмет саған, әліппе"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 20 желтоқсан күні 1-сыныпта "Рахмет саған, әліппе!" тақырыбында әліппемен қоштасу ертеңгілігі болды. Сынып жетекшісі Рахымбаева Бакыт Мусатаевна оқушыларды жақсы дайындаған, оқушылар тақпақтар айтып, әріптерден сөз құрап, сұрақтарға жауап берді. Сабыржан Сәнім мен Қалиясқар Ілияс ән айтып, қыздар "Әліппе" биін, ұлдар флешмоб биін биледі. Мектеп директоры Оспанжанова Гульмира Мырзахметовна сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтады.
"Реніш "
26
December
2024
"Реніш "
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің педагог-психолог А.Ж.Конекпаева 20 желтоқсан күні 8ә сынып оқушыларымен "Реніш " тақырыбында психологиялық сабақ  өткізді.  Мақсаты: Эмоционалды күйді реттеу – реніштің адам психологиясына әсерін зерттеп, оны жеңу немесе жеңілдету үшін психологиялық әдістерді  қолдану.
"Ойын құмарлық - тәуелділік"
26
December
2024
"Ойын құмарлық - тәуелділік"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 20 желтоқсан күні 6-сынып жетекшісі Саркытова Бакытгуль Сериковна "Ойын құмарлық - тәуелділік" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды құмар ойындардан аулақ болуға, пайдалы іспен айналысуға тәрбиелеу
"Абайлаңыз, балалар!"
26
December
2024
"Абайлаңыз, балалар!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 19 желтоқсан күні 1,2-сынып оқушыларына "Абайлаңыз, балалар!" тақырыбында жолда жүру ережесі түсіндірілді. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу, жол ережелерін білуге дағдыландыру.