Материалы за 26.12.2024 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за 26.12.2024
МЖМБС
26
December
2024
МЖМБС
2024 жылдың 25 желтоқсан күні А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кезектен тыс бірыңғай педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесте "ҚР бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт  жобасына талқылау жүргізілді. МЖМБС-ға енгізілетін өзгерістердің алғы шарттары, әр тарауға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың  негіздемесі түсіндірілді.
"Ұстаз"
26
December
2024
"Ұстаз"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 23 желтоқсан күні мектеп ұстаздары мен ата-аналарына Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген "Ұстаз" фильмі көрсетілді. Фильмде өз ауылына қайтып, ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Фильмнің мақсаты: қоғамдағы педагог мәртебесін өсіру.
"Рахмет саған, әліппе"
26
December
2024
"Рахмет саған, әліппе"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 20 желтоқсан күні 1-сыныпта "Рахмет саған, әліппе!" тақырыбында әліппемен қоштасу ертеңгілігі болды. Сынып жетекшісі Рахымбаева Бакыт Мусатаевна оқушыларды жақсы дайындаған, оқушылар тақпақтар айтып, әріптерден сөз құрап, сұрақтарға жауап берді. Сабыржан Сәнім мен Қалиясқар Ілияс ән айтып, қыздар "Әліппе" биін, ұлдар флешмоб биін биледі. Мектеп директоры Оспанжанова Гульмира Мырзахметовна сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтады.
"Реніш "
26
December
2024
"Реніш "
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің педагог-психолог А.Ж.Конекпаева 20 желтоқсан күні 8ә сынып оқушыларымен "Реніш " тақырыбында психологиялық сабақ  өткізді.  Мақсаты: Эмоционалды күйді реттеу – реніштің адам психологиясына әсерін зерттеп, оны жеңу немесе жеңілдету үшін психологиялық әдістерді  қолдану.
"Ойын құмарлық - тәуелділік"
26
December
2024
"Ойын құмарлық - тәуелділік"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 20 желтоқсан күні 6-сынып жетекшісі Саркытова Бакытгуль Сериковна "Ойын құмарлық - тәуелділік" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларды құмар ойындардан аулақ болуға, пайдалы іспен айналысуға тәрбиелеу
"Абайлаңыз, балалар!"
26
December
2024
"Абайлаңыз, балалар!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 19 желтоқсан күні 1,2-сынып оқушыларына "Абайлаңыз, балалар!" тақырыбында жолда жүру ережесі түсіндірілді. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу, жол ережелерін білуге дағдыландыру.
"Алынбайтын асу жоқ"
26
December
2024
"Алынбайтын асу жоқ"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің педагог-психолог А.Ж.Конекпаева 19 желтоқсан күні 11- сынып оқушыларымен "Алынбайтын асу жоқ" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Қандай қиындықтар мен кедергілерге қарамастан өз мақсаттарына жетуге ынталандыру, өз күшіне сенуді арттыру және әрқашан оң өзгерістерге ұмтылуды қалыптастыру. Кез келген қиыншылықты жеңіп, кез келген асуды алу арқылы адам өзін жетілдіріп, алға қадам басуы керек.
"Сенімділік күш береді"
26
December
2024
"Сенімділік күш береді"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің педагог-психолог А.Ж.Конекпаева 19 желтоқсан күні 9-10 сынып оқушыларымен "Сенімділік күш береді" тақырыбында тренинг жүргізді.  Мақсаты: Оқушылардың дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру.
"Сиқырлы әлем"
26
December
2024
"Сиқырлы әлем"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінің көркем еңбек мұғалімдері 18 желтоқсан күні "Сиқырлы әлем" тақырыбында сурет көрмесі өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сиқырлы әлем туралы әңгімелер мен көркем әдеби шығармалар арқылы оқушылардың қиялын кеңейтіп, олардың шығармашылық ойлау дағдыларын жетілдіру.