Материалы за 05.03.2025 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Материалы за 05.03.2025
"Әке деген бала үшін - Ұлы тұлға" әкелер жиналысы
05
March
2025
"Әке деген бала үшін - Ұлы тұлға" әкелер жиналысы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 ақпан күні "Әке деген бала үшін - Ұлы тұлға" тақырыбымен әкелер жиналысы өтілді. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе - қазіргі заманғы тәрбиенің өзекті мәселелері. Әкелер өзін таныстырудан бастады, педагог-психолог А.Ж.Конекпаева тренинг жүргізді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова әкелерге қазіргі заманғы тәрбиенің өзекті мәселелері жайында слайдпен таныстырды, видеороликтер көрсетті. Үш топқа бөлініп, жағдаяттан
“Жас маман - ертеңгі бас маман” ашық сабақ
05
March
2025
“Жас маман - ертеңгі бас маман” ашық сабақ
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде “Жас маман - ертеңгі бас маман” атты жас мамандар онкүндігі аясында дене шынықтыру пән мұғалімі Е.С.Сеидигалимов 2 "а" сынып оқушыларына "Топтық эстафеталық ойындар" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында психологиялық ахуал қалыптасып, дене қыздыру жаттығулары жасалды.  Мақсаты: Топпен жұмыс істеуді үйрену.
0 сынып қауіпсіздік сабағы
05
March
2025
0 сынып қауіпсіздік сабағы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде Мектепалды 0 сыныппен қауіпсіздік сабағы өткізілді. Онда тәрбиеші З.Н Дюсекенова балаларға терезе алдындағы қауіпсіздік туралы айтты.
"Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев"
05
March
2025
"Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кітапханашы Р.С.Бердахметова "Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев" тақырыбында мәнерлеп оқу сабағын өткізді. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. Оқушыларды слайд көрсету арқылы  М.Мақатаевтың өмір жолымен таныстырды. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтты.
"Мақал-мәтелдер сайысы"
05
March
2025
"Мақал-мәтелдер сайысы"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде кітапханашы Р.С.Бердахметова 4-сынып оқушыларымен "Мақал-мәтелдер сайысын" өткізді. Мақсаты: оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. Сайыста "Мақалды жалғастыр" ойыны ойналды. Оқушылардан өздері білетін мақал-мәтелдерін айтып жарысты. Жеңімпаз топтар марапатталды.
"Рәміздерді жырлаймыз!"
05
March
2025
"Рәміздерді жырлаймыз!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жоспарына сәйкес 13 ақпан күні "Рәміздерді жырлаймыз!" тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Б.Мансурова мен кітапханашы Р.С.Бердахметова бірлесіп, әдеби кеш өткізді. Оқушылар ту, елтаңба, әнұран туралы тақпақтарды жатқа айтты.
"Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым" сынып сағаттары
05
March
2025
"Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым" сынып сағаттары
Ақпан айының екінші аптасында біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша "Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым" тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Мақсаты: жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ардагерлерге деген құрметке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Өрт қауіпсіздігі сынып сағаттары
05
March
2025
Өрт қауіпсіздігі сынып сағаттары
14 ақпан күні өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, барлық сыныптарға сынып сағаттары өтілді. Үйдегі электр құралдарымен жұмыс жасауда абай болу, телефонды зарядтайтын құрылғыға қосып қарамау, сіріңкемен ойнамау, жоғары сынып оқушыларына үйде от жақпау сияқты алдын алу шаралары түсіндірілді.