23
December
2024
"Жаратылыстану-математикалық"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Жаратылыстану-математикалық" бірлестігінің онкүндігі өтілуде. Онкүндіктің аясында мектепалды сынып тәрбиешісі Дюсекенова Зарина Нурболатовна ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "Жабайы жануарлардың қысқа дайындығы" деп аталады. Мақсаты: балаларға жабайы жануарларды таныстыру, олардың қысқа қалай дайындалатынын ұғындыру, жалпы жануарлар әлеміне қызықтыру. Балалар жануарлардың іздерінен қандай жануар екенін табу, қол маторикасын дамыта отырып, аңдардың інін табу сияқты тапсырмалар орындады. Сабақ өте қызықты әрі балаларға түсінікті болды.