23
December
2024
«Жаратылыстану-математикалық»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде «Жаратылыстану-математикалық» бірлестігінің онкүндігі аясында 4-сынып жетекшісі Исаханова Жансая Бауыржанқызы жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Ауа қалай ластанады?» деп аталады. Мақсаты: ауаның ластану көздерін, ауа тазалығын сақтау жолдарын білу. Мұғалім сабақта замануи платформаларды тиімді қолдана отырып, қызықты етіп өткізді, оқушылар да белсене қатысты. Жеке жұмыста да топпен жұмыста да оқушылар әділ бағаланды, сабақ соңында кері байланыс алынды. Мұғалім сабақтың мақсатына жетті деп айтуға болады.