28
февраль
2023
Ағымдағы жылдың ақпан айында мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту, оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы қажет екенін ескеру мақсатында өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Д.Жумаханұлы бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала беретіні, баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы екенін айта келіп, әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн екенін айтты. Мектеп психологы А.Конекпаева бүгінде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көретінін айта келіп, отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер ететіні, ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артатынын айтты. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Қорыта келе, өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет.