Schoolchildren » Страница 14 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
"Мамандықтар марафоны"
22
January
2025
"Мамандықтар марафоны"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында "Мамандықтар марафоны" тақырыбымен мамандармен кездесу өтті. Кездесуге Үштөбе қаласының Гуманитарлық колледжінің оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Тасыбаева Гүлден Шоғалқызы мен педагог-психологы Жақсыбекова Айжан Русланқызы, мектеп мейірбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы, ҚР ІІМ М.Есеболатов атындағы Алматы Академиясының 1"б" курс курсанты Оңғарбек Аружан
1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады.
22
January
2025
1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады.
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 21 қаңтар күні 1- сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Мақсаты: оқушыларға кітап әлемі туралы түсінік беріп, кітапхана тарихымен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындырып, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. Кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна 1-сынып  оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, қызықты кітаптарды көрсетті.
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай өлеңдерін айтудан байқау
22
January
2025
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай өлеңдерін айтудан
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде қазақ классигі, драмматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай өлеңдерін айтудан байқау өтті. 5-сынып оқушылары Төлеген Дарын, Азаматқызы Аяна, Берік Толғанай жақсы қатысқаны үшін марапатталды.
"Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?" тақырыбында мектептегі рәміздерге экскурсия
21
January
2025
"Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?" тақырыбында мектептегі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 қаңтар күні ҚР Мемлекттік рәміздерін насихаттау жоспарына сәйкес 1-сынып оқушыларына "Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?" тақырыбында мектептегі рәміздерге экскурсия жасалды. Экскурсия барысында  сынып жетекшісі Рахымбаева Бакыт Мусатаевна оқушыларға мемлекеттік рәміздер туралы түсінік берді.
"Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс
21
January
2025
"Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 17 қаңтар күні 7-11 сынып оқушыларына "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы полиция капитаны Хасенов Эйнар Тасыбекович қатысты. Schoolchildren  нашақорлықтың алдын алу шаралары айтылып, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Мектеп әкімшілігі тарапынан жалпы тәртіп ережелері түсіндірілді.
"KINO TIME"
21
January
2025
"KINO TIME"
16 қаңтар күні түстен кейін оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында мектептің АКТ залында 7-11 сынып оқушыларына фильм көрсетілді. "KINO TIME" ұйымдастыруды мектеп парламент мүшелері әдетке айналдыруды жөн көрді. Оқушылардың бос уақытын осылай қызықты ұйымдастыру - жақсы бастама деп ойлаймыз.
"Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы"
20
January
2025
"Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 16 қаңтар күні мектеп кітапханашысы Бердахметова Райхан Сейілхановна 9-сынып оқушыларымен тәрбиелік шара өткізді. Бұл шара жазушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Тақырыбы: "Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы" деп аталады. Мақсаты: оқушылардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылыған қалыптастыру, отансүйгіштік, өз мемлекетіне деген махаббат пен мақтаныш сезімін, өз халқының тарихын тәрбиелеу.
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
30
December
2024
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️ А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 25  желтоқсан күні 1-8 сынып аралағында жаңа жылдық шырша мерекесі өтілді. Балалар өте жақсы дайындықпен келген, киімдері де әдемі болды. Аяз Ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.
"Жаңа кітап - жаңа әлем"
30
December
2024
"Жаңа кітап - жаңа әлем"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар мектеп кітапханасында "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты іш-шара өтілді. Кітапханашы Бердахметова Райхан Сейілхановна 3,4-сынып оқушыларын жаңа кітаптармен таныстырды. Мақсаты:  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды кітапханаға тарту.