Schoolchildren » Страница 15 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
30
December
2024
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️
❄️ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ 2025❄️ А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 25 желтоқсан күні мектепалды сынып оқушылары мен шағын орталық бүлдіршіндеріне жаңа жылдық шырша өтілді. Балалар өте жақсы дайындықпен келген, киімдері де әдемі болды. Аяз Ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетті. Тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.
"Рахмет саған, әліппе"
26
December
2024
"Рахмет саған, әліппе"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 20 желтоқсан күні 1-сыныпта "Рахмет саған, әліппе!" тақырыбында әліппемен қоштасу ертеңгілігі болды. Сынып жетекшісі Рахымбаева Бакыт Мусатаевна оқушыларды жақсы дайындаған, оқушылар тақпақтар айтып, әріптерден сөз құрап, сұрақтарға жауап берді. Сабыржан Сәнім мен Қалиясқар Ілияс ән айтып, қыздар "Әліппе" биін, ұлдар флешмоб биін биледі. Мектеп директоры Оспанжанова Гульмира Мырзахметовна сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтады.
"Абайлаңыз, балалар!"
26
December
2024
"Абайлаңыз, балалар!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 19 желтоқсан күні 1,2-сынып оқушыларына "Абайлаңыз, балалар!" тақырыбында жолда жүру ережесі түсіндірілді. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу, жол ережелерін білуге дағдыландыру.
«Даналық мектебі»
23
December
2024
«Даналық мектебі»
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының «Даналық мектебі» клубы аясында «Жеңгелер» мектебімен «Қыздар нені білуге тиіс?» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: қыз балаларға жеңгелердің кеңесін тыңдауға, қазақтың ұлттық құндылықтарын бойына сіңіре білуге, қолөнерге баулу. Жеңге деген кім? Жеңгенің отбасындағы рөлі қандай? сияқты сұрақтар қоюмен басталды. 8-сынып қыздарының жеңгелерінен білгісі келетін мәселелері бойынша әңгіме
“Зорлық- зомбылыққа жол жоқ”
23
December
2024
“Зорлық- зомбылыққа жол жоқ”
Қаратал ауданы А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 12 қараша күні 5-7 сынып оқушылары арасында “Зорлық- зомбылыққа жол жоқ” тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Schoolchildren зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру. Бір-біріне мейрімді қарым-қатынас, жанашырлық, ізгі ниет тәрбиелеу.  Педагог-психолог: А.Ж.Конекпаева
"Алтын күз"
23
December
2024
"Алтын күз"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 5-7 сыныптар арасында “Алтын күз” байқауы өтті. 5-сынып “Алтын жапырақ” тобы, 6-сынып “Бидай” тобы және 7-сынып “Қызанақ” тобы өз өнерлерін ортаға салды. Мерекеге барлық сынып жақсы дайындықпен келген.  Бас жүлдені: 5-сынып 1️⃣ - орынды: 7-сынып 2️⃣ - орынды: 6-сынып оқушылары алды.
"Кім жүйрік?"
23
December
2024
"Кім жүйрік?"
Бастауыш сынып мұғалімі Ж.Б.Исаханова «Кім жүйрік?» атты мұғалімдер арасында батл өткізілді. Батл 3 –кезеңнен тұрады: 1 – Бәйге, 2 – Шығармашылық сайыс, 3- Дебат Батлдың қорытындысы бойынша әр топқа марапат берілді.
"Алтын күз"
23
December
2024
"Алтын күз"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6-қараша күні Бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз» мерекесі өтті. Барлық сыныптар жақсы дайындалып келген, киімдері де, өнерлері де өте тамаша болды. Сайыс болған соң төмендегідей орындар берілді:  Бас жүлдені - 2-сынып - «Алма» тобы 1️⃣-орынды - 4-сынып «Асқабақ» тобы 2️⃣-орынды - 3а сынып - «Қияр» тобы  3️⃣-орынды - 3б сынып «Шие» тобы иеленді
Назад 1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Вперед