Іс-шаралар » Страница 12 » Пушкин атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Пушкин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлттық дәстүрімізді дәріптейік!" онкүндігі барысында "Dastur" челленджі
02
апрель
2025
"Ұлттық дәстүрімізді дәріптейік!" онкүндігі барысында "Dastur"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде Наурыз мерекесіне орай 10-20 наурыз аралығында ұйымдастырылған "Ұлттық дәстүрімізді дәріптейік!" онкүндігі барысында "Dastur" челленджі байқауы өтуде. Осы байқауға алғашқылардың бірі болып челлендж түсірген 9-сынып оқушылары болды. Сынып жетекшісі - Амирханов Рауан Аскарбекович.
🌷"Арулар - асыл жандар"🌷 тақырыбында мерекелік концерт
02
апрель
2025
🌷"Арулар - асыл жандар"🌷 тақырыбында мерекелік концерт
🌷А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 🌷"Арулар - асыл жандар"🌷 тақырыбында мерекелік концерт болды. Оған барлық әйел ұстаздар мен кіші қызметкерлер, аналар және оқушы қыздар шақырылды. Концертті тек ұлдар қауымы ұйымдастырды. Шағын орталықтан бастап, 11-сыныпқа дейінгі ұл балалардан және ер мұғалімдерден ұйымдастырылған концерт аналар мен аруларға жақсы көңіл-күй сыйлады.🌷🌷🌷
🌷8-наурыз - халықаралық әйелдер күні🌷 мерекесіне орай ұйымдастырылған концерт
02
апрель
2025
🌷8-наурыз - халықаралық әйелдер күні🌷 мерекесіне орай ұйымдастырылған
🌷А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 7 наурыз күні 🌷8-наурыз - халықаралық әйелдер күні🌷 мерекесіне орай ұйымдастырылған концертте мектептің әйел ұстаздары мен қызметкерлері аудандық кәсіподақ ұйымының және мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталды.🌷 Барлық әйел қауымын мерекеде осындай марапатпен құттықтап,  мерейлерін өсіргендей болды. Мектебіміздің биылғы түлектері, яғни 11-сынып оқушылары барлық әйелдер қауымына гүл шоқтарын ұсынды.🌷🌷🌷
"Тарих пен тіл -ұлттың мұрасы" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен "Жәрмеңке саудасының дамуы"
02
апрель
2025
"Тарих пен тіл -ұлттың мұрасы" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде "Тарих пен тіл -ұлттың мұрасы" атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен "Жәрмеңке саудасының дамуы" тақырыбында пән мұғалімі Саркытова Бакытгуль Сериковна ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау. Сабақта "Үкі" әдісі, Bilimlаnd білім беру платформасы, LeаrningApps, Plikers, Padlet платформалары қолданылды. Оқушылар тапсырмаларды
6 наурыз күні "Рақмет, Ана!"
02
апрель
2025
6 наурыз күні "Рақмет, Ана!"
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6 наурыз күні "Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың аналарын мерекесімен құттықтап, шын жүректен алғыстарын білдіруге және олардың жасаған жақсылықтарына рақмет айтуға үйрету.
"Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды
02
апрель
2025
"Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 6 наурыз күні "Рақмет, Ана!" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың аналарын мерекесімен құттықтап, шын жүректен алғыстарын білдіруге және олардың жасаған жақсылықтарына рақмет айтуға үйрету.
гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Орынбаева 8 А сыныбында "Белое чудо природы"
02
апрель
2025
гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында орыс тілі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің аясында орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.К.Орынбаева 8 А сыныбында "Белое чудо природы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Онкүндіктің мақсатына сәйкес әртүрлі жаңашыл әдіс тәсілдер қолданылған сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Интерактивті тақтамен жасалған тапсырмалар өте қызықты болды. Сабақ соңында қатысқан мұғалімдер тарапынан кері байланыс Padlet тақтасы арқылы берілді.
"Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
01
апрель
2025
"Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде әдістемелік жұмыстың жоспарына сай «Тарих пен тіл- ұлттың мұрасы.  Гуманитарлық пәндерде цифрлық әдістер мен компьютерлік технологияларды тиімді қолдану." тақырыбындағы "Мұрагер" гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті. Мектептің акт залында өткен шарада оқушылар әртүрлі гуманитарлық пәндер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Қызықты ойындар ойнатылды. Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушыларға әртүрлі тәтті сыйлықтар берілді.
"Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі
01
апрель
2025
"Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 5 наурыз күні 9 сынып оқушыларының қатысуымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Абайдың қара сөзі - тәрбие көзі" кітап көрмесі, библиографиялық сабақ өтілді. Мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, жиырма тоғызыншы қара сөзінің мазмұнын меңгерту. Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де бағыт берген
Мектеп медбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы оқушыларға туберкулёз ауруы, оның алдын алу жолдары
01
апрель
2025
Мектеп медбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы оқушыларға туберкулёз
А.С.Пушкин атындағы МДШО бар орта мектебінде 4 наурыз күні мектеп медбикесі Есімжанова Толқын Сәкенқызы оқушыларға туберкулёз ауруы, оның алдын алу жолдары, қышыма ауруынан қалай сақтану керектігі, семіздікті болдырмау үшін не істеу керегі, дұрыс тамақтану жолдары, тәтті сусындардың зияны туралы көптеген мәліметтермен бөлісті. Оқушыларды денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.